Аралтұз компаниясының зауыты

Негізі қаланған жылы:
1925 жыл
Өндіріс қуаты:
Жылына 1 млн тоннаға дейін
Өнім түрлері:
Ас тұзы, косметикалық тұз, көктайғаққа қарсы реагент, техникалық тұз, жемдік тұз.
Өндіру
Жуу және байыту
Йодтау және орау
Логистика

Тұз өнеркәсібінің жүрегі

Қызылорда облысы Арал ауданы Жақсықылыш ауылында орналасқан «Аралтұз» компаниясының зауыты Қазақстандағы ең ірі тұз өндіру және тұз өңдеу кәсіпорны әрі Орталық Азиядағы саланың көшбасшыларының бірі. Мұнда бір ғасырдан астам уақыт бойы Аралдың тұзды көлдерінің бірегей табиғи ресурстары мен өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін заманауи технологиялар ұштасып келеді.

Экологиялық әрі заманауи өндіру әдісі

Тұз өндіру үдерісі тұзды көлдерде басталады: жылдың жылы мезгілінде мұнда таза кристалдардың қалың қабаты түзіледі. Фрезерлі комбайндар қалыңдығы 10 сантиметрге дейінгі үстіңгі қабатты табиғи тепе-теңдікті бұзбай, ұқыппен қырып алады. Осындай жұмсақ әдіс жыл сайын сол учаскелерге қайта оралуға мүмкіндік береді: бір жылдың ішінде көлдер тұз қабатын табиғи түрде қайта қалпына келтіреді.

Өндірістің толық циклі

Өндірілген тұз зауытқа жеткізіліп, өңдеудің бірнеше кезеңінен өтеді: жуу, кептіру, ұсату және сұрыптау. Одан кейін өнім әртүрлі қаптамаға буып-түйіледі — шағын бөлшек сауда қаптамалары мен тубустардан бастап, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына арналған ірі көтерме қаптар мен брикеттерге дейін. Әр кезеңді заманауи зертхана бақылап отырады, бұл өнімнің жоғары сапасын және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Логистика

Зауыттың өндірістік қуаты мен жолға қойылған логистиканың арқасында «Аралтұз» Қазақстанның барлық өңіріне және жақын әрі алыс шетел елдеріне тағамдық, техникалық, өнеркәсіптік, косметикалық және жемдік тұзды тұрақты түрде жеткізеді.