Дәрігерлерге қолдау: «Аралтұз» бен «Аралсодадан» жаңа жабдықтар
«Аралтұз» АҚ және «Аралсода» ЖШС Арал аудандық ауруханасы үшін оттегі концентраторларын және медициналық жабдықтарды сатып алып, табыстады.
Коронавирустық инфекцияның таралуы күшейген қиын кезеңде ауруханаларға қолдау аса қажет болды, ал «Аралтұз» АҚ және «АралСода» ЖШС оны мүмкіндігінше жедел көрсетуге ұмтылды. «Біз бәріміз Қазақстанда тұрып, жұмыс істейміз. - Бұл — біздің үйіміз. Мұнда менің жақындарым, балаларым өмір сүреді. Ұл ретінде де, әке ретінде де, әлеуметтік жауапты компанияның басшысы ретінде де, жеке басым және ұжым бұл жағдайдан шет қала алмаймыз. Арал ауданында шұғыл медициналық қажеттіліктер бар екенін түсіне отырып, аудандық ауруханаға медициналық жабдық сатып алу үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдадық. Компаниялар тобы осы төтенше жағдайда Арал ауданы тұрғындарына барынша көмек пен қолдау көрсетуге тырысады», — деп пікір білдірді «Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров.