


Көзқарас
Біз болашаққа өршіл де жауапты көзқараспен қараймыз: компанияны көпсалалы көшбасшы ретінде дамыта отырып, жоғары сапа стандарттарына адалдыққа, басқарудағы икемділікке және операциялық тиімділікке сүйенеміз. Мақсатымыз — тек тамақ өнеркәсібінде ғана емес, химия және өнеркәсіп секторларында да берік ұстанымға ие болу. Біздің стратегия мыналарға бағытталған:
◆ Уақытпен дәлелденген сапа арқылы тұтынушылардың сенімін нығайту;
◆ Халықаралық өткізу нарықтарын кеңейту есебінен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
◆ Өңірлік дамуды қолдау, қатысу аумақтарында жұмыспен қамтуға және экономикалық өсуге жәрдемдесу;
◆ Тарихтан тамыр тартатын бірегей дәм дәстүрлерін қоса алғанда, мәдени және өндірістік мұраны болашақ ұрпаққа жеткізу;
◆ Қызметкерлер мен олардың отбасылары үшін тұрақтылық пен сенімділікті қамтамасыз ету.
Миссиямыз
Біз тәжірибе, дәстүрлер және жаңашыл көзқарасты біріктіреміз, осылайша сұранысты ғана қанағаттандырмай, миллиондаған адамдар өмірінің бір бөлігіне айналатын өнімдер жасаймыз. Біздің миссиямыз мыналарды қамтиды:
1. Тарихи және мәдени кодты сақтау — компанияның ондаған жылдар бойы қалыптасқан табанды еңбегі, іске адалдығы және туған жерге сүйіспеншілігі негізіндегі мұрасын сақтау.
2. Табиғи ресурстарға жауапты көзқарас: өнімдеріміздің негізінде табиғаттың байлығы жатқанын түсінеміз және оны барынша экологиялық санамен пайдалануға міндеттенеміз.
3. Дәстүрлі әдістермен ұштастыра отырып заманауи технологияларды енгізу өнімнің дәмін, сапасын және қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.
4. Адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына пайдалы, қолжетімді және жоғары сапалы өнім жасау арқылы қамқорлық жасау.
Құндылықтар
Біз кез келген кәсіпорын табысының кілті — берік қағидаттар деп сенеміз. Біздің құндылықтар компанияның әр қадамын айқындап, жоғары сапаны сақтауға және дамуға көмектеседі. Олар көпжылдық тәжірибеміз, инновацияға ұмтылысымызды, әлеуметтік жауапкершілігімізді және клиенттерімізге деген қамқорлығымызды көрсетеді
◆ Сапа және тиімділік:
Өнім сапасының тұрақтылығы және өндіруден бастап жеткізуге дейін әр кезеңдегі тиімді үдерістер.
◆ Әлеуметтік жауапкершілік:
Өңірді қолдау, жұмыс орындарын құру және тұрақты даму қағидаттарын енгізу.
◆ Инновациялар және технологиялар:
Өндірісті жаңғырту және көшбасшылықты нығайту үшін озық шешімдерді енгізу.
◆ Дәстүрлер және тарихи мұра:
Ғасырға жуық тәжірибе және заманауи тәсілдермен үйлестірілген үздік дәстүрлерді сақтау.
Біздің стратегиялық мақсаттарымыз
Стратегиямыздың іргетасы: тұрақтылық, сенім, көшбасшылық.
«Аралтұз» АҚ өз бизнесін қоғам, нарық және болашақ алдындағы жауапкершілікті бейнелейтін берік құндылықтарға сүйеніп жүргізеді:


