«Аралтұз» АҚ қолдауымен 4 елді мекенді газдандыру жобасы аяқталды
2020 жылы Қызылорда облысын дамыту бағдарламасы аясында «Аралтұз» АҚ қолдауымен 4 елді мекенді газдандыру жобасы аяқталды, оның бірі — Жақсықылыш кенті.

Ұзақ уақыт бойы қосымша қаржыландыру қажет болуына байланысты Жақсықылыш кентінің газбен жабдықтау жүйесіне табиғи газ берілмеді, өйткені газбен жабдықтау объектісіне қызмет көрсету және оны пайдалану үшін қаржы қажет болды.

«Аралтұз» АҚ — Арал ауданының ең ірі кәсіпорны Жақсықылыш кенті тұрғындарына табиғи газды мүмкіндігінше тезірек жеткізу үшін техникалық қызмет көрсетуді қаржыландырып, қолдау көрсетуге ниет білдірді.
Жақсықылыш кентінің халқы 5000 адамнан асады. Бүгінгі таңда кенттегі 800-ден астам жеке тұрғын үй газға қосылуға дайын. «Аралтұз» АҚ қызметінің басым бағыттарының бірі — Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысу және әлеуметтік осал топтарды тұрақты қолдау.