19.09.2022

«OZERO» – «Аралтұз» АҚ компаниясының жаңа сауда маркасы

2022 жылы «Аралтұз» АҚ нарыққа заманауи тұтынушыға, өнім сапасына жоғары талап қоятын аудиторияға бағытталған «OZERO» брендімен жаңа өнім шығарды.

«OZERO» бренді өнімдері — 100% табиғи, экологиялық таза өнім. Өндіру барысында компания химикаттарды, ағартқыш қоспаларды және ұюға қарсы реагенттерді пайдаланбайды. «OZERO» тұзы иммунитетті жақсы нығайтады — оның құрамында магний мен кальций көп, әрі олардың мөлшері басқа тұз түрлеріне қарағанда сәл жоғары. «OZERO» бренді заманауи сапа талаптарына толық сәйкес шығарылып, ЭКО, БИО, HALAL сертификаттарына ие.

«OZERO» атауынан өнімнің табиғи шығу тегі мен органикалық сипаты көрінеді, өйткені тұз көлден ашық тәсілмен өндіріледі.

«OZERO» бренді желісінде екі мақсатқа арналған ас тұзы бар: салқын асханаға арналған тұз (салаттар, тіскебасарлар) және ыстық асханаға арналған тұз (ыстық тағамдар).

TABLE SALT — ұсақ тартылған тұз (№0) салқын тағамдарды әзірлеуге арналған, тез ериді, зиянды ұюға қарсы қоспасы жоқ. Ұсақ кристалдары арқасында дастарқанда тағамға себуге, салаттар мен суық тіскебасарларға қолайлы. Көл тұзындағы пайдалы минералдардың болуы тұзды тағамға дәм беретін қоспа ғана емес, функционалды өнім етеді. Ішке қабылдағанда йод тапшылығы ауруларының — эндемиялық зобтың (қалқанша бездің ұлғаюы) дамуының алдын алуға ықпал етеді.

LAKE SALT — орташа тартылған тұз (№1) ыстық тағамдарды әзірлеуге мінсіз, құрамында пайдалы минералды заттар бар, зиянды қоспалар жоқ. Көл тұзы ыстық тағамдардың барлық түріне арналған. Рецепттердің басым бөлігі дәл осы тарту нормасына негізделіп жасалған, әдетте қасық саны бойынша көрсетіледі.

ДӘМДЕУІШ ЖИНАҒЫ — «OZERO» бренді ұсынатын бірегей имидждік өнім: негізгі классикалық дәмдеуіштер құрамына «table salt» тұзы, қара және қызыл бұрыш, хош иісті түйіршіктелген сарымсақ кіреді — бұлар әлемнің барлық елдерінің рецептерінде қолданылады. Әр халықтың ұлттық асханасында тағам дайындаудың өз дәстүрі мен дәм ерекшеліктері бар. Бірақ географиялық орналасуына, мәдениеті мен ұлтына қарамастан, барлық халық қолданатын дәмдеуіштер де бар! «OZERO» жинағына әлем елдерінің рецептерін біріктіретін дәл сондай дәмдеуіштер енгізілген!

«OZERO» әзірлеу барысында дизайн мен қаптамаға ерекше көңіл бөліп, қамқорлықпен қарады. Әлемнің көптеген елдеріндегі, соның ішінде ыдыстың экологиялылығы бойынша да заманауи тұтынушылық талғамдар зерттеліп, өнім қаптамасының ең эргономикалық әрі сұранысқа ие түрлері анықталды. Үйде қолдануға арналған «TABLE SALT» және «LAKE SALT» тұздары 500 және 1000 граммдық ыңғайлы полипропилен қаптамаға салынған. Табиғатқа шыққанда 300 граммдық zip-құлыпы бар дой-пак қаптамасын немесе 250 граммдық дозаторы бар тубусты алып жүру ыңғайлы. 1000 граммдық «Lake salt» экологиялық крафт-қаптамасы табиғатты қорғау мен экология қауіпсіздігін бірінші орынға қоятын, экологиялық әрі қымбатырақ тауарларды таңдаушы саналы тұтынушыларға арналған. 400 граммдық дәмдеуіш жиынтығы картон қорапта сөре үстінде стильді көрінеді әрі кез келген жағдайға тамаша сыйлық болады!

«OZERO» —көбірек дәм қос!