25.03.2024

Еуропалық қайта құру және даму банкінен конвертацияланатын қарыз

2024 жылғы наурызда Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕБРР) «Астана» халықаралық қаржы орталығында (ХҚО) тіркелген және «Аралтұз» АҚ-тың акционері болып табылатын Salt Industry Ltd. жеке компаниясына 5,5 млрд теңге көлемінде аударылатын қарыз ұсынды. Қаражат тұзды буландыру зауытын салуды қаржыландыруға бағытталады, бұл Қазақстанда алғаш рет жоғары сапалы вакуумдық тұз өндірісін іске қосуға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру «Аралтұз» АҚ-тың өндірістік қуаттарын ұлғайту, өнім ассортиментін кеңейту және жаңа нарықтарға шығу жөніндегі стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді. ЕБРР тарапынан қаржыландырудың тартылуы компанияның жоғары инвестициялық тартымдылығын және жобаның ұлттық деңгейдегі маңызын растайды.
Келісім шарттарына сәйкес қарыз белгілі бір қаржылық-операциялық көрсеткіштерге қол жеткізілген жағдайда Salt Industry Ltd. капиталына қатысу үлесіне конвертациялануы мүмкін. Бұл жағдайда ЕҚҚДБ миноритарлық акционер мәртебесін алып, корпоративтік басқару сапасына қосымша бақылауды және үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкестікті қамтамасыз етеді.
ЕҚҚДБ -мен серіктестік «Аралтұз» АҚ-ты одан әрі институционалдық тұрғыдан нығайтуға, бизнестің ашықтығын арттыруға, операциялық модельдің тұрақтылығын күшейтуге және халықаралық талаптарға сәйкес ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық) стандарттарын енгізуге ықпал етеді.