01.01.2021

Бүгінгі күннің сын-қатерлеріне лайық жауап: «Аралтұз» АҚ қызметкерлерін жалақының өсуі күтеді

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «Аралтұз» АҚ басшылығы қызметкердің табысынан ұсталатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналарының 1% мөлшеріндегі қосымша ұлғаюын өтеу туралы шешім қабылдады, бұл зауыт қызметкерлерінің «қолға» алатын жалақысын сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, егер бұл шешім қабылданатын болса экологиялық апат аймағы — Приаралье аумағында тұратын қызметкерлерге арналған экологиялық төлемдер бойынша міндетті зейнетақы төлемдерін (МЗТ) толық өтеуге дайын,.

Бұдан бөлек, ұзақ мерзімді тұрақты өсім және әлеуметтік қолдау стратегиясын ұстана отырып, 2021 жылғы 1 наурыздан бастап «Аралтұз» АҚ зауытының өндірістік персоналына жалақыны орта есеппен 10%-ға арттыру жүргізіледі. Нәтижесінде компанияның еңбекақы қоры, салықтар мен аударымдарды қоса алғанда, 15,8%-ға өседі.

«2020 жыл бүкіл ел үшін, соның ішінде біздің компания үшін де өте қиын болды. Дегенмен барлық ауыртпалықтарға қарамастан, біз әрдайым Арал ауданы тұрғындарына барынша көмек пен қолдау көрсетуге тырысамыз. Компания үшін ең басты құндылық — оның қызметкерлері», — деп атап өтті өндіріс және техникалық даму жөніндегі вице-президент Сержанов Ғалымжан. Компания Арал өңірінің қала құраушы кәсіпорны болып, жергілікті халықтың 1200-ден астамын жұмыспен қамтып отырғанын да ерекше атап өткен жөн.

«Аралтұз» АҚ — 1925 жылы құрылған Қазақстандағы тұз өндіру және өңдеу бойынша ең ірі кәсіпорын. «Аралтұз» АҚ өнімдері — ас және техникалық тұз Қазақстан аумағында ғана емес, ТМД-ның өзге елдерінде де кеңінен танылған отандық бренд.

Қазақстан нарығында көшбасшы позициясын сенімді бекітіп алған «Аралтұз» компаниясы қазіргі уақытта өндірілетін өнімнің 76%-ын Ресей Федерациясының іс жүзінде барлық федералдық округтеріне, Қырғызстанға, Украинаға және Өзбекстанға экспорттайды.

Жақын болашақта компания жеткізу географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр: мақсат ретінде Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына — Қытай, Тайвань, сондай-ақ Таяу Шығысқа — БАӘ, Катар, Оман және басқа да елдерге шығуды белгілейді.