24.02.2026

«Аралтұз» компаниясы «ЭтноАуыл» көрмесінде

Қызылорда облысының Бесарық ауылында өңір кәсіпорындары шығаратын өнімдермен таныстыруға арналған «ЭтноАуыл» көрмесі өтті. Шараға билік өкілдері, халықаралық қонақтар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері жиналды.

Көрме Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің, сондай-ақ Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкичтің және Эстония, Финляндия, Португалия мен Италияны қоса алғанда, басқа да елдер елшілерінің қатысуымен өтті.

«Аралтұз» АҚ өз өнімінің сапасы мен бәсекелестік артықшылықтарын көрсете отырып, шығарылатын тауарлардың кең ассортиментін ұсынды. Көрмеге қатысу қонақтарды өңір өнімімен таныстыруға, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және компанияның экспорттық әлеуетін халықаралық серіктестерге паш етуге жақсы мүмкіндік болды.