19.01.2026

«Аралтұз» — 100 жыл: дәстүрге адалдық, әр жанға құрмет.

Жүз жылдық мерейтой – бұл жай ғана күнтізбедегі күн емес, ұзақ жолдың қорытындысы мен болашаққа бағыт беретін маңызды кезең. 100 жылдық мерейтой жылында «Аралтұз» елдегі ең көне өнеркәсіп кәсіпорындарының бірін бірнеше онжылдық бойы қалыптастырып, сақтап, дамытып келе жатқан басты құндылық – адамдарға ерекше назар аударады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап компанияда маңызды әрі жан-жақты ойластырылған шешім қабылданды: барлық өндірістік персоналдың жалақысы 10% мөлшеріне артты. Жалақының көтерілуі негізгі өндірістік учаскелерден бастап қосалқы қызметтерге дейін барлық бөлімшелердің қызметкерлерін қамтыды және бұл қадам кәсіпорынның жүйелі әлеуметтік саясатының заңды жалғасы болды.

Компанияда бұл шара бір реттік акция емес, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, жұмыс мамандықтарының беделін көтеруге және қызметкерлердің ертеңіне деген сенімін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегия екені атап өтіледі.

«Аралтұз» АҚ президенті Нұрлан Айтқазиннің айтуынша, кәсіпорынның жүз жылдық тарихы өндірістік көрсеткіштер мен технологиялық үдерістердің артында тұрған адамдарсыз мүмкін емес: «Аралтұздың жүз жылдық тарихы – ең алдымен адам еңбегінің тарихы. Бұл – тағдырлар, ұрпақтар, кәсіби мақтаныш пен күнделікті жауапкершілік. Біздің зауытқа өз білімін мен тәжірибесін ғана емес, өмірінің бір бөлігін де арнаған адамдардың еңбегі сіңген. Жалақыны көтеру – кәсіпорынның тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз етіп отырған жандарға деген біздің құрметіміздің көрінісі», – деді ол.

Мерейтой жылында компанияда 10 жылдан астам еңбек еткен қызметкерлерге естелік медальдар табыстау ерекше, шын мәнінде символдық маңызға ие. Бұл марапаттар олардың кәсіби адалдығын, шеберлігін және өндірістік дәстүрлерді сақтауға қосқан үлесін мойындаудың белгісі болды.

Президенттің айтуынша, дәл осындай қызметкерлер кәсіпорынның ішкі тірегін қалыптастырады: «Көп жылдық тәжірибесі бар мамандар – корпоративтік жады мен мәдениеттің сақтаушылары. Олар өз тәжірибесін жас мамандарға жеткізіп, жауапкершілік пен сапа стандарттарын қалыптастырады. Біз үшін олардың еңбегі тек байқалып қана қоймай, лайықты түрде бағалануын да аса маңызды деп санаймыз», – деп атап өтті «Аралтұз» АҚ президенті Нұрлан Айтқазин.

Кәсіпорын басшылығының айтуынша, кадрларға көңіл бөлу – мерейтойға ғана арналған қадам емес, компания жұмысының негізін құрайтын қағида. Ұжымның әлеуметтік тұрақтылығы өндірістің сенімділігіне, өнім сапасына және компанияның ұзақ мерзімді даму перспективасына тікелей әсер етеді.

«Адам құрметті, әділ қарым-қатынасты және болашағына деген сенімді сезінген кезде, ол өз жұмысын барынша беріліп атқарады. Біз «Аралтұздың» дамуын сенімге, өзара жауапкершілікке және әрбір қызметкердің еңбегіне деген құрметке негіздейміз», – деді компания президенті.

Мерейтой аясындағы бастамалар компанияның жүз жыл бойы өзгеріссіз қалып келе жатқан философиясын айқын көрсетеді: адамдарға деген қамқорлық, ұрпақтар сабақтастығы және өңір алдындағы жауапкершілік. «Аралтұздың» жүз жылдық тарихы тәжірибеге, мықты командаға және болашаққа деген нық сенімге сүйене отырып жалғасуда.