100 жылдық тарих — брендтің жаңа визуалды тілі
Біз брендтің дәстүрлері мен визуалды кодын сақтай отырып, оларды заманауи элементтермен күшейттік. Жаңа дизайн ұрпақтар сабақтастығын, мұраға құрметті және Арал өңірімен байланысты айқындайды. Жаңасы — заманауи болып, ал танысы — бұрынғыдай жақын көрінеді.
Жаңартылған қаптама өнімді сөрелерде көзге бірден түсетін әрі түсініктірек етеді, брендтің мінезі мен тұз өндірудегі ғасырлық тәжірибесін сақтайды. Ғасырлық атаумен бірге сапа, сенім және дәстүр символы ретінде жауапкершілікте сақталып, нығаюда.
Визуалды стиль — брендтің тілі, енді ол бұрынғыдан да жарқын, таза әрі заманауи болды.
Біз фирмалық элементтерді, түсті, құрылымды және танымалдықты сақтадық, осылайша сатып алушылар сөреден Аралтұзды оңай тауып, ондаған жылдар бойы танып-білген әрі сенетін брендпен байланысын сезіне алады.
Редизайн ең бастыны айқындайды: пішін өзгерсе де, сапа өзгермейді.
Компания дамуын жалғастырып, өнім желісін кеңейтеді, экспортты күшейтеді және өндіріс стандарттарын арттырады. Бірақ брендтің өзегінде дәл 100 жыл бұрынғыдай дала, теңіз және адам еңбегімен жаралған тұз құндылықтары өзгермейді.